Януковичке 13 жыл берілді

Янукович «мемлекетке опасыздық» қылмысынан 13 жыл бас бостандығынан айрылды.

1133103
Януковичке 13 жыл берілді

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович «мемлекетке опасыздық» қылмысынан 13 жыл бас бостандығынан айрылды.

Киев аймақтық сотында Януковичтің үстінен мемлекетке опасыздық айыптауымен ашылған қылмыстық істің үкімі жарияланды.

Үкімге орай бұрынғы президентке «мемлекетке опасыздық» және «Украинаға бағытталған шабуылдарға көмектесу» қылмысынан 13 жыл берілді.

Украинаның бас қаласы Киевте 2013-2014 жылдар арасындағы шерулерде сол кездегі президент Янукович Ресейге қашып кеткен болатын.

Янукович жоғарыдағы айыптаулармен 2017 жылы соттала бастаған еді.

Ол сот отырыстарына келуге қарсы шықты.



Ұқсас жаңалықтар