«Түрік достарымыздың мүдделерін құрметтейміз»

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Кремль сарайында ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

«Түрік достарымыздың мүдделерін құрметтейміз»

Ресей президенті Владимир Путин Евфраттың шығысында құрылуы күн тәртіпке келген қауіпсіз аймақпен байланысты «Түрік достарымыздың мүдделерін құрметтейміз. Әсіресе қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі тақырыбында» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Кремль сарайында ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Путин осында жасаған мәлімдемесінде басқосудың өте жасампаз және екі жақты қарым-қатынастарға сүйенген бір атмосферада жүзеге асқанын атап көрсетті.

Сириядағы дағдарыстың саяси және дипломатиялық жолдармен шешімі үшін тырысқандарын атап көрсеткен Путин «Сирия мәселесінің тұрақты шешімі үшін жұмыстанудамыз. Саяси және дипломатиялық жолдан мәселені шешкіміз келеді. АҚШ шегіну жоспарын жүзеге асыратын болса бұл болымды бір қадам болады» деді.

Путин келесі басшылар (Түркия-Ресей-Иран) саммитін Мәскеуде өткізуді жоспарлағандарын да тілге тиек етті.

Путин Түркия, Ресей және Иранның БҰҰ арнайы өкілімен бірге Сирияда атазаң комитетін құруға бағытталған жұмыстарымен байланысты «Атазаң комитеті аса маңызды. Майдандағы жетістіктерді күшейтетін бір қадам. Тараптардың барлығы келіссөздерге отыру керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар