Ресей, Мексика және Боливиядан Венесуэла президентіне қолдау

Венесуэлада Хуан Гуаидоның өзін «уақытша мемлекет басшысы» жариялауының артынан Ресей, Мексика және Боливия президент Мадуроны қолдағандарын мәлімдеді.

1132082
Ресей, Мексика және Боливиядан Венесуэла президентіне қолдау

Венесуэлада Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидоның өзін «уақытша мемлекет басшысы» болып жариялауының артынан Ресей, Мексика және Боливия, Венесуэла президенті Мадуроға қолдауын жариялады.

Ресей Федерациялық Кеңесінің Сыртқы қатынастар комитеті төрағасы орынбасары Андрей Климов орыс хабар агенттігі РИА Новостиге жасаған жазбаша мәлімдемеде АҚШ-тың Венесуэла Ұлттық Мәжіліс төрағасы орынбасары Хуан Гуаидоны елдің «уақытша мемлекет басшысы» ретінде тануын бағалады.

Мадуроның заңды түрде Венесуэла президенті ретінде сайланғанын атап көрсеткен Климов «Ресей де Николас Мадуроны Венесуэланың заңды түрде сайланған мемлекет басшысы ретінде таниды және осы ұстаным өзгермейді» деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Мария Захарова болса Хуан Гуаидоның өзін «уақытша мемлекет басшысы» жариялауының артынан ABD, Канада және Еуроодақтан Гуаидоға қолдау келуіне наразылық көрсетті.

Захарова әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасап, «Венесуэладағы оқиғалар алаңдатуда. Батыс қоғамының сол жердегі билікті өзгерту әрекеті халықаралық құқық, егемендік және мемлекеттің ішкі істеріне араласпау ережесіне қалай қарағанын көрсететін бір үлгі» деді.

Боливия президенті Эво Моралес әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде Венесуэланың империялық бір шабуылмен бетпе-бет екенін алға тартып, Венесуэла халқымен ынтымақтасу жөнінде жолдама жасады.

Мексика президенті Мануэль Лопез Обрадордың мәлімдемешісі Жесус Рамирез Куэвас болса Мексиканың Мадуроны Венесуэла мемлекет басшысы ретінде танығанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар