Ливия теңіз айдынында 2 күнде 332 адам құтқарылды

Ливия теңіз айдынында соңғы екі күнде 4 құтқару операциясы жасалды, операция барысында 332 адам құтқарылды.

1131363
Ливия теңіз айдынында 2 күнде 332 адам құтқарылды

Ливия теңіз айдынында соңғы екі күнде 2 келімсек қаза тапты, 332 адам құтқарылды. Ұлттық келіссөз үкіметіне (UMH) қарасты Теңіз күштерінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Ливия маңындағы заңсыз көшпенділерді құтқару үшін соңғы екі күнде жасалған 4 операцияда 332 адам құтқарылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ салқын ауарайы себепті 2 келімсектің ашық теңізде қаза тапқаны білдірілді.

Аталмыш келімсектердің ұлттары жайлы мағлұмат берілмеді.

Ливия қазір қақтығыстар мен нашарлаған экономикалық жағдай себепті өз елдерін тастап заңсыз жолдармен Еуропаға өтуге әрекет жасаған африкалық келімсектер қолданған ең маңызды желілердің бірі болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар