Помпео Мәскеуде ұсталған АҚШ азаматының босатылуын талап етті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мәскеуде тергеуге алынған АҚШ азаматы Паул Веланның еркін жіберілуін талап етті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресейдің бас қаласы Мәскеуде тергеуге алынған АҚШ азаматы Паул Веланның (Paul Whelan) еркін жіберілуін талап етті.
Ресей Федерациясының Федералдық Қауіпсіздік Қызметі (ФСБ) Мәскеуде тыңшылық жасағанын алға тартқан күдікті бір АҚШ азаматын 28 желтоқсан күні тергеуге алғанын жариялаған болатын.
Бразилия президенті Жаир Болсонароның ант ішу рәсімімен байланысты мәлімдеме жасаған Помпео Мәскеуде АҚШ атынан тыңшылық жасағаны қауесетімен тергеуге алынған зейнеттегі теңізші әскердің дереу еркін жіберілуін талап етті.
Ресей Федерациясының заңдарына сәйкес Велан «тыңшылық жасаумен» айыпталған жағдайда қылмыстық сот 10 мен 20 жыл арасында бас бостандығынан айыруға үкім шығара алады.
Ұқсас жаңалықтар
Индонезиядағы Руанг жанартауы атқылауда
Индонезия Жанартау және геологиялық апат салдарын азайту орталығы мәлімдеме жасады.
Брюссельде ЕО көшбасшылары саммиті өтеді
Екі күнге созылатын Саммитке 27 елдің мемлекет немесе үкімет басшылары қатысады.