Англия Израильдің шешіміне наразы

Израиль Батыс Шерияда еврей елді мекендерін кеңейту ниетінде

1115291
Англия Израильдің шешіміне наразы

Англия Израильдің Батыс Шериядағы заңсыз елді мекендерді кеңейту шешімінің қабыл алынбайтынын білдірді.

Англияның Орталық Шығыс істеріне жауапты  Мемлекеттік министрі Алистер Бурт жазбаша мәлімдеме жариялап, "Израиль үкіметінің үстіміздегі апта Батыс Шериядағы елді мекендерін кеңейтетінін жариялауы қабыл алынбайды және реніш туғызып отыр" деп көрсетті.

Израильді заңсыз елді мекен салу әрекеттерін тоқтатуға шақырған министр Бурт  "Мұндай әрекеттер халықаралық құқық тұрғысынан қарағанда заңсыз болып табылады. Израильдің палестиналықтармен болашақта әрқандай бір бейбітшілік  келісіміне бағытталған шешімдеріне көлеңке түсіреді" деген бағаландырулар жасады.

 Израильдің Батыс Шерияда заңсыз 14 еврей елді мекенін салуды жоспарлағаны білдірілуде.

Израильдің 1967 жылы жаулап алған Батыс Шерияда заңсыз салынған 250-ге таяу еврей елді мекені бар. Осы елді мекендерде өмір сүріп жатқан 400 мыңнан астам еврей мекендеуші Батыс Шерияда жаулау астында өмір сүріп жатқан палестиналықтар үшін өмірді тіпті де ауыр күйге итермелеп отыр.

Жауланып жатқан Батыс Иеруссалимде 220 мың еврей мекендеуші тұрып жатқан заңсыз 18 еврей елді мекені тағы бар.




 



Ұқсас жаңалықтар