44 мың 500 азамат қайта оралды

Эфиопия азаматтарын елге алып келуде.

1115046
44 мың 500 азамат қайта оралды

Эфиопия соңғы алты айда Сауд Арабиясы және басқа да елдерде заңсыз тұрып жатқан 44 мың 500 азаматын елге қайта әкелгенін білдірді.

Сыртқы істер министрлігі Баспасөз хатшысы Мелес Алем журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, жұмыс істеу мақсатымен заңсыз әдістермен түрлі елдерге кеткен 44 мың 500 Эфиопия азаматының елге қайта әкелінгенін айтты.

Баспасөз хатшысы азаматтардың шетелге заңды жолдармен кетуі үшін жұмыс басталғанын білдірді. Алем шетелдерді азаматтардың елге аман-сау жетуі үшін де тырысатындарын айтты.

Мелес Алем азаматтардың 4 мыңының Либия,  Танзания және Біріккен Араб Әмірліктерінен әкелінгенін білдірді. Эфиопиялықтардың көбі жұмыс істеу үшін Йемен арқылы Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктеріне,  кейбірі де Ливия арқылы Еуропаға кетуде.

Еңбек лицензиясынсыз шетелдерде өмір сүретін азаматтар көбіне елдеріне орала алмайды.

 



Ұқсас жаңалықтар