Иранда шыққан қақтығыста екі полиция қаза тапты

Иранда көлікпен қашқан қарулы кісілер екі полицияны өлтірді

1114644
Иранда шыққан қақтығыста екі полиция қаза тапты

Иранның Кирман уәлаятында қоғам қауіпсіздік күштері мен қарулы бір топ арасында шыққан қақтығыста екі полиция қаза тапты.

Иран Мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Кирман уәлаятына қарасты Бердсир ауданында полиция күдіктенген бір көліктің соңына түскен.

Полиция соңына түскен ішінде шабуылшылар бар көлік өте жылдам жүргендіктен жолдан шыққан.

Жол апаты болған көліктен қашпақ болған қарулы кісілер полицияларға оқ атқан кезде шыққан қақтығыста екі полиция қаза тапқан. Екі полиция жараланған.

Қарулы шабуылшыларды ұстау үшін көлемді операция басталды.

 


Этикеттер: #Иран , #полиция , #шабуыл

Ұқсас жаңалықтар