750 миллион адам өз елінен кеткісі келеді

Дүние жүзінде 750 миллион адам басқа елге қоныстанғысы келеді.

1107163
750 миллион адам өз елінен кеткісі келеді

Дүние жүзінде 750 миллион адам басқа елге қоныстанғысы келеді.

Еуропада 2015 жылы босқын дағдарысының ортаға шығуы көптеген елде терең саяси шайқалыстарға жол ашты.  Әсіресе Германия мен Австрияда босқындарға қарсы шыққан әсіре оңшыл партиялар сайлаудан жеңіп шықты.

Америка Құрама Штаттарында да босқын тақырыбы Трамп әкімшілігі мен Латын Америка елдері арасында келіспеушілік шығара бастады.

Орталығы Америка Құрама Штаттарында болып табылатын Gallup компаниясының сауалнамасына қарағанда,  елдердің босқын ағынын тоқтату үшін қолданған шараларына қарамастан басқа бір елге кеткісі келетіндердің саны артуда.

Зерттеу әлемде 750 миллион адамның осындай мүмкіндік болса басқа бір елге көшетінін көрсетті.

Компания зерттеуді 152 елде 453 мың адам арқылы жүргізді.

Аталмыш сауалнама босқын дағдарысы шыңына жеткен 2015-2017 жылдар арасында жүргізілді.

Зерттеуде назар аударатын басты жайт- басқа елге кеткісі келетіндердің көбі Америка Құрама Штаттарына барғысы келеді.

Мысалы 160 миллион адам АҚШ-қа, 47 миллион адам Канадаға, 42 миллион адам Германияға, 24 миллион адам Сауд Арабиясына барғысы келеді.

Сауалнамаға қарағанда,  Түркияға көшіп келгісі келетіндер саны – 6 миллион.

Елдерін тастап кеткісі келетіндер кезегімен – Сьерра-Леоне,  Либерия, Гаити,  Албания,  Сальвадор, Конго, Гана, Доминик Республикасы,  Нигерия, Армения, Гондурас, Сирия және Косово.



Ұқсас жаңалықтар