Малидегі қарулы шабуылда 47 жазықсыз адам өлтірілді

Малидің солтүстігіндегі Менака қаласында қарулы бір топ жасаған шабуылда 47 жазықсыз адам өлтірілді.

1106875
Малидегі қарулы шабуылда 47 жазықсыз адам өлтірілді

Жергілікті баспасөзге қарағанда Менака қаласына 60 шақырым қашықтықтағы Tassalatine және Tinabaw аймақтарында қарулы топ жазықсыз адамдарға шабуылдады.

Шабуылды 9-12 адам жасағаны және куәліктерінің белгісіз екені білдірілген оқиғада көптеген адам жарақат алды.

Шабуылдаушылардың кері шегінбей тұрғанда 80 шақырымдық алаңдағы жайлауды өртегені атап көрсетілді.

Аймақ халқы Малидегі БҰҰ қызметі MINUSMA-дан оқиғада зардап шеккендерге жәрдем үшін адам құқықтары бөлімшесін қозғауын талап етті.

Малидің солтүстік және орта аймақтары 2012 жылдан бері бөлшектеуші қақтығыстар мен шабуылдарға сахна болуда.

Әрі Францияның «Баркхана операциясы» атымен 2014 жылы жіберген 4 мың әскері, әрі БҰҰ-ның елдегі 15 мың адамнан тұратын бейбітшілік күші MINUSMA қазірге дейін қауіпсіздік мәселесін шеше алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар