Жаңа туған сәбилердің 70 пайызы тіркеуге алынбайды

Нигерияда жаңа туған сәбилердің 70 пайызы тіркеуге алынбайды.

1102318
Жаңа туған сәбилердің 70 пайызы тіркеуге алынбайды

Нигерияда жаңа туған сәбилердің 70 пайызы тіркеуге алынбайды.

Нигерия Тұрғын комиссиясы Баучи штатының төрағасы Муса Рашид елде дүниеге келген сәбилердің тіркеуге алынуына байланысты қиыншылықтар бар екенін білдіріп: «Елде аяғы ауыр әйелдердің тек 30 пайызы ғана медициналық орталықтарға барып, қаралады, сәбилерін тіркетеді.  Қалған 70 пайыз болса нәрестелерін үйде босанады және тіркеуге бермейді» деді.

Тіркеуге алынбаған сәбилердің көбінің ауылдық жерлерде туылғанына назар аударған Рашид қоғамда тіркеу туралы сананың жеткілікті түрде қалыптаспағанын айтты.

Осы шеңберде туу туралы тіркеу тақырыбында ел көлемінде жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа ЮНИСЕФ те көмек беруде.

Нигерияның 200 миллион халқы бар.


Этикеттер: #Нигерия , #сәби , #ЮНИСЕФ

Ұқсас жаңалықтар