Макрон ханзада Мұхаммед бин Селманмен кездесті

Макрон Сауд Арабиясы тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманмен кездесті.

Макрон ханзада Мұхаммед бин Селманмен кездесті

Макрон Сауд Арабиясы тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманмен кездесті.

Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинадағы Үлкен 20 тобы лидерлер саммитінде Сауд Арабиясы тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманмен кездесті.

Кездесу барысында Макрон Мұхаммед бин Селманнан журналист Джемал Кашыкчы қастандығының тергелуінде халықаралық мамандарды қосуды талап етті.

Президент Эммануэль Макрон әңгіме барысында Сауд Арабиясының мұрагер  ханзадасына Йемен тақырыбында да саяси процеске өтуі керектігін айтты.  

Франция баспасөзінің Елисей қайнар көздеріне негізделген хабарда Кашыкчы қастандығына байланысты еуропалық лидерлердің негізінен барлығының бірдей көзқараста екені және осы оқиғада бірлік ішінде әрекет ететіні түсіндірілді.

        



Ұқсас жаңалықтар