Йеиендегі жағдай өте қауіпті

Йемен тұрғындарына ашаршылықтың қаупі төніп келеді.

1097096
Йеиендегі жағдай өте қауіпті

Төрт  жылдан бері қарулы қақтығыс толастамай тұрған Йемен тұрғындарына ашаршылықтың қаупі төніп келеді.

Халықаралық Қызыл крест комитеті Орташығыс мәлімдемешісі Сара әл-Зәукари елде төрт жылдан бері жалғасқан ішкі соғыс салдарына миллиондаған Йемен тұрғындарының аш ұйықтағандарын баяндады.

Зәукари 27 миллион халықтың 22 миллионына гуманитарлық жәрдем беру керектігін және осылардың көбінің күніне бір рет ғана тамақ жейтіндерін білдірді.

Йеменде әлемдегі ең үлкен адамдық дағдарыстың болғанын атап өткен Зәукари «Йемендегі жағдай өте қауіпті» деді. 

Йемендегі қақтығыстар басталғалы бері 5300 адам қаза тауып, үш миллионнан астам адам босып кеткен, бір миллионға жуық адам тырысқақ ауруынан зардап шегіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар