Ресей 7 украин әскерін тұтқындады

Ресей кепілдікке алған 3 украин соғыс кемесінде қызмет атқарған 24 әскердің жетеуін тұтқындады.

1096300
Ресей 7 украин әскерін тұтқындады

Орыс соты Керчь бұғазында орыс қауіпсіздік күштері тергеуге алған Украина кемесіндегі 7 әскери қызметкерді тұтқындауға шешім қабылдады.

Қаратеңізде Керчь бұғазы маңында Ресей кепілдікке алған 3 украин соғыс кемесіндегі 24 әскери қызметкердің жетеуін тұтқындады.

Ria агенттігіне қарағанда Қырымдағы орыс соты Ресей теңіз айдыны шекарасын бұзғанын алға тартқан 7 әскери қызметкер үшін 2 айлық тұтқындау шешімі қабылдады. Қалған 17 әскери қызметкердің сот процесі жалғасуда.

25 қараша күні Қаратеңізде Керчь бұғазы маңында орыс соғыс кемелері Украина соғыс кемелеріне теңіз айдынына заңсыз түрде басып кіргенін алға тартып, қарулы операция жасаған еді.

Украина теңіз күштеріне тиесілі 3 кеменің 24 қызметкері тергеуге алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар