НАТО теңізшілерді босатуға шақырды

НАТО-ға мүше 29 ел Украинаға қолдауын қайталады.

НАТО теңізшілерді босатуға шақырды

НАТО-ға мүше 29 ел Азов теңізінің Керч бұғазында болған оқиғаларға сай Украинаға қолдауын қайталады.  Ресейді украиналық кеме мен теңізшілерді босатуға шақырды.

НАТО-ның 29 одақтасынан тұратын НАТО кеңесінің жазбаша хабарламасында, Ресейдің украиналық кеме мен теңізшілерге қарсы әскери күш қолдануының қабылданбайтыны атап көрсетілді.

Хабарламада: «Ресейді Азов теңізіндегі Украина порттарына кедергісіз жетімділік және саяхат еркіндігін қамдауға шақырамыз» деп айтылды.

НАТО Ресейді «кешіктірместен украиналық кеме мен теңізшілерді босатуға» шақырды.

«Халықаралық деңгейде мойындалған шекара мен су кеңістігінде Украинаның егемендік және территория тұтастығын қолдаймыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар