Ресей мен Украина арасында дағдарыс

Ресей соғыс кемелері Азов теңізінде Украин соғыс кемелеріне оқ атты.

1094706
Ресей мен Украина арасында дағдарыс

Ресей мен Украина арасындағы қызу қайтадан артты.

Украина теңіз күштері қолбасшылығы Азов теңізіндегі Керчь бұғазы маңында Ресей Федерациясының Федералдық Қауіпсіздік Қызметіне (FSB) тиесілі шекара қауіпсіздік қайығынан Украина соғыс кемесіне оқ атылғанын жариялады.

Украина Теңіз күштері қолбасшылығы жасаған жазбаша мәлімдемеде атылған оқтардың салдарынан 2 адамның жарақат алғанын, Украинаға тиесілі 2 кемеге зиян келгені және радар жүйесі жойылған кемелердің бағытын шатастырғаны атап көрсетілді.

Украина кемесінің болса тоқтауға мәжбүр қалғаны атап көрсетілген мәлімдемеде Украина кемелерінің орыс арнайы жасақтар тарапынан басып алынғанына орын берілген.

Украина баспасөзі болса атылған оқ салдарынан 1 адамның қаза тапқанын білдірді.

Кеше кешкі уақытта Азов теңізінде орыс және украин соғыс кемелерінің бетпе-бет қалғаны аталып, Ресейге тиесілі кемелер орыс теңіз айдынына кіргенін алға тартқан Украина соғыс кемелеріне операция жасаған болатын.

Басқа жағынан Ресей Азов теңізінде Украинамен шыққан қақтығыстың артынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жедел жиналысқа шақырды.



Ұқсас жаңалықтар