Иран Мәжілісінен Әзірбайжан түрік тілі академиясын ашу талабы

Иран Мәжілісі Тебриз депутаты Ахмед Али Реза Бейги түрік депутаттардың мәжіліске талаптарын жеткізгендерін мәлімдеді.

1094468
Иран Мәжілісінен Әзірбайжан түрік тілі академиясын ашу талабы

Иран Мәжілісі Тебриз депутаты Ахмед Али Реза Бейги мәжілістегі түрік депутаттардың «Әзірбайжан түрік тілі академиясы» ашу жөнінде талаптарын Мәжіліс жалпы кеңесіне ұсынғандарын атап көрсетті.

Ирандық студенттердің хабар агенттігіне (ISNA) қарағанда, Халықаралық Айтыскер ақындар фестивалінің ашылу рәсімінде жасаған баяндамасында Бейги «Әзірбайжан уәлаяты депутаттары үкіметтің Әзірбайжан түрік тілінде академия ашуы жөніндегі сұраныстарында табанды» деді.

Аталмыш академияның елдегі Әзірбайжан түріктерінің мәдениеті, өнері және әдеби мұрасын қорғауда маңызды орынға ие болатынына назар аударған Бейги «Академияның құрылуына үкімет мән беруге тиісті. Депутаттар ретінде біздер тақырыпты қадағалап отырамыз» деді.

Тебриз қаласында «Ақындардың мейірімділік пайғамбарымен үні бір» тақырыпты ашылу бағдарламасы Халықаралық Айтыскер ақындар фестиваліне Түркия, Иран, Әзірбайжан және Грузиядан 300 айтыскер ақынның қатысумен жүзеге асты. Фестиваль сейсенбі күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар