БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пәкістандағы қос шабуылды айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) Пешавар мен Карачи қалаларындағы террор шабуылдарын қатаң түрде айыптады.

1094314
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пәкістандағы қос шабуылды айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК) Пәкістанның Пешавар және Карачи қалаларында алдынғы күні жасалған террор шабуылдарын қатаң түрде айыптады.

БҰҰҚК жасаған жазбаша мәлімдемеде «БҰҰҚК мүшелері Қытайдың Карачи Бас консулдығына жасалған және екі полиция мен екі жазықсыз адам қаза тапқан опасыз шабуылды қатаң түрде айыптайды» делінді.

Мәлімдемеде тағы бір жанкештінің Пешавар қаласына қарасты Оракзай аймағында бір медресенің қақпасында үстіндегі бомбаны жаруын қатаң түрде айыптағаны атап көрсетілді.

Пәкістандық лауазымдылардың оқиғамен байланысты шараларын мақтан тұтқаны атап көрсетілген мәлімдемеде «БҰҰҚК мүшелері құрбандардың жанұялары мен Пәкістан үкіметіне көңіл айтып, жаралыларға шипа тілейді» делінді.

Пәкістанда алдынғы күні жасалған шабуылда 30 адам қаза тапқан еді.

Сол күні тағы Карачиде жасалған қарулы және гранаталы шабуылда болса консулдықты қорғап жатқан екі полиция мен екі жазықсыз адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар