Швеция Біріккен Ұлттар Ұйымының Көш келісіміне қол қоятынын хабарлады

Келісімге 2019 жылы  қыркүйек айында ұымдастырылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпы Кеңесінде дауыс беріледі.

Швеция Біріккен Ұлттар Ұйымының Көш келісіміне қол қоятынын хабарлады

 

Швеция үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымының Көш келісіміне қол қоятынын хабарлады.

Швеция үкіметінің ресми интернет парақшасында жарияланған мәлімдемеде, Швецияның Біріккен Ұлттар Ұйымының көш мәселелеріне байланысты жүргізуді армандаған жахандық өредегі алғашқы келісіміне қол қоятындары білдірілді.

Мәлімдемеде адамдардың қауіпсіз жолдармен көшуі қамтамасыз етілетіні білдіріліп, тәртіпсіз түрде көшудің алдын алу мақсат етілгені атап көрсетілді.

Адам саудасы және адамдарды қорлаушылармен шекаралар сыртында белсенді күрес жасалатыны білдірілген мәлімдемеде, "Көшуге мәжбүр қалған балалар, қарттар, әйелдер жахандық ынтымақтастық жолымен мықты қорғалады" делінді.

Сонымен бірге Германия шешуші ролге ие болған Біріккен Ұлттар Ұйымының Көш келісіміне Аустрия, Полша, Чекия, Естония, Болгария, Хорватия, Америка Құрама Штаттары, Венгрия, Аустралия және Израил қол қоймайтындарын жариялаған болатын.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Көш келісімінде орын алған баптар Марокконың Маракеш қаласында 10-11 желтоқсанда ұйымдастырылатын бір конферанцияда қабылданады.

Келісімге 2019 жылы  қыркүйек айында ұымдастырылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпы Кеңесінде дауыс беріледі. 


Этикеттер: БҰҰ , ШВЕЦИЯ , КЕЛІСІМ

Ұқсас жаңалықтар