Эритреяға 10 жылдан бері жасалған санкциялар жойылды

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Эритреяға жасалған санкцияларды жою шешімі қабылданды.

1088122
Эритреяға 10 жылдан бері жасалған санкциялар жойылды

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰҚК), Эритреяға бағытталған қару эмбаргосы және саяхат тыйымын да қамтитын санкцияларды жоюға шешім қабылдады.

Эритреяға жасалған санкцияларды жою шешімі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде дауыс көпшілігімен қабылданды.

Шешім Африка мүйісі елдері Эфиопия және Эритрея арасындағы 20 жылдық дағдарысты тоқтату бітімі келісіміне қол қойылған соң қабылданған болатын.

БҰҰҚК 2009 жылдан бері Эритреяға Сомали Әл-Каидасымен байланысты Аш-Шабаб террор ұйымына қолдау бергенін алға тартып санкцияларды іске қосқан еді.

Шешіммен Эритреяға шамамен 10 жылдан бері жалғасқан санкциялар аясында саяхаттау тыйымы, кейбір мекеме мен тұлғалардың мүліктерін кепілдікке алу және қару эмбаргосы да жойылды.



Ұқсас жаңалықтар