Атақты әнші Шинейд О’Коннор мұсылман болғанын жариялады

Әлемне әйгілі ирландиялық әйел әнші Шинейд О’Коннор (Sinead O'Connor) мұсылман дініне өткенін жариялады.

1075915
Атақты әнші Шинейд О’Коннор мұсылман болғанын жариялады

Ириш пост газетінде орын алған бір хабарға қарағанда Шинейд О’Коннор әлеуметтік медиа парақшасы твиттерден жасаған мәлімдемеде Католик христиан дінін тастап, Ислам дінін таңдағанын жариялады.

О’Коннор «Мұсылман болғаным үшін мақтаныштымын. Бұл кезкелген дін ақылы бар танушының көретін шындығы. Барлық қасиетті жазбалар бізге Ислам жолын көрсетуде. Ислам діні басқа барлық қасиетті кітаптарды қажетсіз қылады» деді.

51 жасар әнші мұсылман болған соң жаңа бір есім таңдағанын және бұдан кейін «Шүхәда Давитт» атын қолданатынын жариялады.

Әнші жаңа Шүхәда Давитт атымен твиттер парақшасына бас орамал таққан фото суретін салды.

Шинейд О’Коннор 1990 жылдары да Католик дінін таңдап, Магда Давитт атын алған еді.



Ұқсас жаңалықтар