Францияда Макрон мен үкіметке наразылық

Ел көлемінде шерулер ұйымдастырылды.

Францияда Макрон мен үкіметке наразылық

Президент Эммануэль Макрон және үкіметінің саясаттарына қарсы ел көлемінде 100 шақты қалада шеру ұйымдастырылды.

Елдің ең ірі кәсіподақтарының бірі Жалпы іс конфедерациясы секілді ұйымдардың шақыруымен өткен шерулерде Макрон мен үкіметтің саясаттарына наразылық білдірілді.  Ел көлемінде 100-ден астам жерде болған шерулерге мектеп оқушылары,  жұмысшылар,  мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлер қатысты.

Париждегі шеруге қатысушылар қауіпсіздік қызметкерлеріне тас лақтырды.  полиция да оларға көз жасаурататын газ қолданды. Оқиғада 2 адам жарақат алды. 4 азамат қамауға алынды.

Полицияның деректеріне қарағанда,  Париждегі шеруге 11500, ұйымдастырушылардың деректеріне қарағанда 50 мың адам қатысты.



Ұқсас жаңалықтар