"Сириядан кетуі керек" деді

Ангела Меркель Израильде Нетаньяхумен кездесті.

1062723
"Сириядан кетуі керек" деді

Германия канцлері Ангела Меркель: «Иран күштері Сириядан кетуі керек» деді.

Ангела Меркель ресми сапармен Изриальге барып, премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездескеннен кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Меркель «Ирансыз аймақ қалайтындарын» атап көрсетіп,  «Иранның ядролық қаруға ие болуына кедергі болу керектігі жөнінде Израильмен бірдей ойдамыз. Сол секілді Ресей президентімен Сириядағы Иран болмысы жөнінде сөйлестік.  Иран күштері болмайтын аймақ қалаймыз.  Сондықтан Иран жасақтары Сириядан кетуі керек» деді.

Израильдің еврей елді мекендеріне де тоқталған Меркель: «Қақтығыстың ең ақылға қонымды шешімі екі мемлекетті шешімді орындауды қиындатқан еврей елді мекендерін салу саясаттары жөніндегі уайымдарымызды жеткіздім» деді.

Меркель айырықша Еврей Ұлыс мемлекет заңы туралы: «Біз мемлекеттің еврейлігін қолдаймыз,  алайда азшылдардың да құқықтары бар екенін еске саламыз» деді.

Израиль премьер-министрі Нетаньяху болса Германия канцлеріне Иранмен 2015 жылы жасалған ядолық келісімнен шығуға шақыру тастап: «Терроризмді ең көп қорғаған елге миллиардтаған доллар беретін осы келісімге қарсы екенім құпия емес» деді.

Ядролық келісімнің Иран халқының тұрмыс шарттарын жақсартпайтынын алға тартқан Нетаньяху: «Керісінше Иранның соғыс машиналарын нығайта түседі.  Сондықтан Иранның экспанциясы бізге зиян келтіреді» деді.

Израиль премьер-министрі «екі мемлекеттік шешім» немесе «Палестиналықтармен бейбітшілік» тақырыптарына тоқталмады.



Ұқсас жаңалықтар