Халықтан кешірім сұрады

Иран президентінің бірінші орынбасары кешірім сұрады.

1060625
Халықтан кешірім сұрады

Иран президентінің бірінші орынбасары Исак Джихангири еліндегі проблемаларға байланысты кешірім сұрады.

Ирандық Студенттер агенттігіне қарағанда,  Тегеранда ел көлемінде 1700 мектептің ашылуына байланысты ұйымдастырылған бағдарламада сөз сөйлеген Джихангири: «Елге психологиялық қысым жасалуда.  Кейбірі де осы қысымнан пайдаланып қалғысы келеді.  Кейбір олқылықтар мен мәселелерге байланысты ұлтымыздан кешірім сұраймын» деді.

Иранда халық үшін шарттардың қиындағанын тілге тиек еткен Джихангири осы қиыншылықтардың кейбірінің Америка Құрама Штаттарының санкциясы салдарынан басталғанын білдірді.

Экономикалық қыиыншылықтар болып жатқан Иранда халық елдегі басқаруда проблема бар екенін айтса,  басшылар дағдарыстан АҚШ бастаған батыс елдерін жауапты деп тауып отыр.



Ұқсас жаңалықтар