Ресей Сирияда қаза тапқан орыс әскерінің санын жариялады

РФ Қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Сирияда 3 жылда қаза тапқан орыс әскері саны мен әскери жабдықтау шығындарын жариялады.

1059827
Ресей Сирияда қаза тапқан орыс әскерінің санын жариялады

Ресей Федерациясы Кеңесі қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы Виктор Бондарев елінің Сирияда операциялар басталған 3 жылдық мерзімнен бері 112 әскердің қаза тапқанын білдірді.

Бондарев Ресей Қарулы Күштерінің Сирияда операцияларға бастауының 3-ші жылдығына орай баспасөзге мәлімдеме жасады.

Кеңес Одағы кезеңінде Ауғанстан соғысының алғашқы үш жылында шамамен 4 мың 800 әскер, кем дегенде 60 танкі және 400 сауытты көлік пен 15 ұшақ, 97 тікұшақ жоғалтқандарын еске салған Бондарев «Қазірге дейін қарулы күштеріміздің Сирияда 112 әскері қаза тапты. Осы әскерлердің шамамен жартысы An-26 ұшақ апаты мен İl-20 ұшағының атқылап құлатылуы нәтижесінде мерт болды. Сондай-ақ 8 ұшақ, 7 тікұшақ және бірнеше сауытты көлікке де зиян келді» деді.

Бондарев 2003-2006 жылдары Иракта жасалған операцияларда АҚШ басшылығындағы коалицияның 2 мың 515 әскер, 10-20 төңірегінде танк, кем дегенде 50 сауытты көлік, 15 ұшақ пен шамамен 80 тік ұшағынан айырылғанын жеткізді.

Сирияда 17 қыркүйек күні 15 әскер мінген орыс İl-20 ұшағы Жерорта теңізі үстінде режим күштерінің әуе қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар