Буркина Фасода 2 шетелдік барлығы 3 адамды алып қашты

Буркина Фасоның солтүстік шығысында кімдер екені белгісіз топ бір 2 шетелдік барлығы 3 адамды алып қашты.

1055639
Буркина Фасода 2 шетелдік барлығы 3 адамды алып қашты

Буркина Фасоның солтүстік шығысында кімдер екені белгісіз топ бір кен шахтасында жұмыс істейтін 2 шетелдік барлығы 3 адамды алып қашты.

Жергілікті баспасөзге қарағанда Ината аймағындағы бір алтын шахтасында жұмыс істейтін Оңтүстік Африкалық бір басшы мен үнді техникке қоса Буркина Фасо азаматы бір шоферді бас қала Вагадугуға бара жатқан кім екені белгісіз адамдар алып қашты.

Алып қашқан адамдарды құтқаруға барған қауіпсіздік күштеріне Тонгомайел аймағында тұзақ құрылды.

Буркина Фасоның шығыс пен солтүстік аймақтарында террор шабуылдары соңғы кездері артты.

Елдің солтүстігінде соңғы кездері террор шабуылдары себепті өткен апта мотоцикл қолданысына шек қойылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар