Босқындарға көмек керек

Судан көмек сұрады.

1051650
Босқындарға көмек керек

Судан әкімшілігі халықаралық қоғамды елдің шығысындағы лагерьлерде тұратын босқындарға көмектесуге шақырды.

Үкіметке қарасты Босқындар комиссариаты өкілі Әс-Сир халид халықаралық қоғамды 90 мыңға жақындаған босқындарға көмек беруге шақырды.

«Халықаралық қоғамның елдің шығысындағы босқындарға көңіл бөлуі керек» деген Халид Судан үкіметінің осы босқындарға байланысты барлық жауапкершілігін орындағанын айтты.

Үкімет лагерьлердегі босқындарға азық-түлік,  баспана, медициналық көмек және білім беру тақырыбында көмек беріп отыр.  Алайда осы қызметтер босқындар орналасқан аймақтарға да әсер етеді.

Елдің шығысындағы он лагерьде Эфиопия, Эритрея және Сомалиден келген 90 мың босқын бар.



Ұқсас жаңалықтар