Химиялық шабуылға дайындық бар

АҚШ өкілі мәлімдеме жасады.

1045144
Химиялық шабуылға дайындық бар

Америка Құрама Штаттарының Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффри Сирияның Идлиб өңірінде химиялық қарумен шабуыл жасауға дайындық бар екенін жөнінде айғақтар табылғанын айтты.

Джеффри Таяу Шығыс турының артынан мәлімдеме жасады.

Ресей мен Дамаск әкімшілігінің Идлибке шабуылдаған жағдайда,  жағдайдың одан сайын нашарлай түсетінін айтқан АҚШ өкілі: «Идлибте жағдай қауіпті,  химиялық шабуыл дайындығы жөнінде көптеген айғақ бар» деді.

«БҰҰ және одақтастар қатысатын дипломатиялық бастама бастаудың уақыты келді» деді ол.

Сирияның жақын болашағында Асадтың орны жоқтығын білдірген Джеффри оны құлатудың АҚШ-тың ісі еместігін атап көрсетті.

Джеффри Сирияда террорлық ұйым ДАИШ жойылғанға дейін қалатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар