Ресей Халықаралық ғарыш стансасына АҚШ-тық ғарышкерлерді апармайды

Ресей вице-премьері Юрий Борисов елінің 2019 жылы сәуір айынан бастап АҚШ-пен қол қойылған келісімнің күшін жоятынын білдірді.

1041048
Ресей Халықаралық ғарыш стансасына АҚШ-тық ғарышкерлерді апармайды

Ресей вице-премьері Юрий Борисов елінің 2019 жылы сәуір айынан бастап, АҚШ-тық ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш стансасына апармайтынын мәлімдеді.

Зымыран және ғарыш фирмасы Энергияда болып өткен баспасөз жиналысында мәлімдеме жасаған Борисов «НАСА-мен АҚШ-тық ғарышкерлерді Халықаралық ғарыш стансасына Союз-МС ғарыш кемесімен апарып, әкелу тақырыбында қол қойылған келіссөздің мерзімі 2019 жылы сәуір айында күшін жояды» деді.

АҚШ Авиация және ғарыш басқармасы (НАСА) Boeing фирмасы арқылы Энергия фирмасынан орыс Союз-МС ғарыш кемесімен Халықаралық Ғарыш стансасына жолаушылық үшін 5 адамдық орынды жалға алған болатын.

АҚШ 2019 жылдан бастап ғарышкерлерін Халықаралық ғарыш стансасына өзі тасымалдауды жоспарлайды.

Ресейдің 2021 жылға дейін Халықаралық ғарыш стансасына 13 рет ғарыш кемесі ұшыруды жоспарлағанын да атап көрсеткен Борисов 2019 жылы қараша айында болса ‘Наука' атты көп функциялы бір лаборатория модулін Халықаралық ғарыш стансасына тасымалдайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар