Катар және Кувейт қолбасшылары кездесті

Мүбарак пен Хафыз Катардың бас қаласы Дохада бас қосты.

1038848
Катар және Кувейт қолбасшылары кездесті

Катар Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы Хамад Мүбарак Кувейт Әуе қорғаныс күштері қолбасшысы Адил Али әл Хафызбен екі ел арасындағы әскери және қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды талқылады.

Катардың ресми ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Мүбарак пен Хафыз Катардың бас қаласы Дохада бас қосты.

Кездесуде екі ел арасында әскери және қорғаныс саласындағы екі жақты серіктестіктің нығайтылуы тақырыбы қолға алынды,

Катар өткен жылы екі ел арасындағы әскери қатынастарды нығайту мақсатында Кувейтте әскери  атташе кеңсесін ашқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар