Ресей долларға наразылық көрсетті
Думаның Қаржы нарықтары комитеті төрағасы доллардың қысым құралы ретінде қолданылуына наразылық көрсетті.
Ресейде Мемлекеттік Думаның Қаржы нарықтары комитеті төрағасы Анатолий Аксаков қысым құралы ретінде АҚШ долларының қолданылуының жаңа жаһандық валюта түрінің пайда болуына негіз болатынын атап көрсетті.
Аксаков «Қашан долларға альтернативалық жаңа бір валюта ортаға шығатын болса, доллар маңызын жоғалтады. Осылайша Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) нарықтарға ықпалы да азаяды» деді.
Аксаков BRICS-ті құрған елдер Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африканың өзара төлемдер үшін жаңа валюта ықтималын бағалағандарын атап айтты.
Аксаков BRICS-ке мүше елдердің әлем тұрғын санының жартысын және индустриясының 30 пайызын құрғанына назар аударып, «Альтернативалық бір жаһандық валюта ұсыну кезеңін 5 жылға дейін аяқталуымыз мүмкін. Бұл Вашингтонның ұстанымымен байланысты. АҚШ долларын қолдану тақырыбында одан көп қысым жасалған жағдайда, басқа елдер де төлемдерін доллар болып жасауға қарсы болады» деді.
Думаның Сыртқы қатынастар комитеті төрағасы Леонид Слуцкий болса Ресейдің Түркияны қолдағандарын атап көрсетті.
Түрік лирасының құнын арттырғанына ризашылық білдірген Слутцкий Түркияның осы қиыншылықтармен күресуге саяси тұрақтылығы мен интелектуалды күшке ие екенін мәлімдеді.