Колумбия Палестина мемлекетін таныды

Палестина Сыртқы істер министрінің орынбасары Тейсир Джерадат Колумбияның Палестина мемлекетін танығанын жариялады.

1028984
Колумбия Палестина мемлекетін таныды

Палестина Сыртқы істер министрінің орынбасары Тейсир Джерадат Колумбияның Палестина мемлекетін танығанын жариялады.

Джерадат бұрынғы Колумбия президенті Хуан Мануэл Сантостың міндет мерзімі толмай тұрғанда, Палестина Сыртқы істер министрі Рияд әл-Маликиге берген хатында «Палестина мемлекетін тану шешімін» жариялағанын атап көрсетті.

Тейсир Джерадат Маликидің Сантоспен бас қосып, тану шешімін өзіне тікелей өзінің табыс еткенін білдірді.

Колумбия қабылдаған шешімді мақтаған Джерадат мұның Палестина дипломатиясының табысы екенін атап көрсетті.

Палестина сыртқы істер министрлігі мәліметтеріне қарағанда Палестина мемлекеті 139 мемлекет тарапынан ресми түрде танылады.



Ұқсас жаңалықтар