АҚШ президенті Дональд Трамп орыс басшыға хат жолдады

АҚШ-тық сенатор Ранд Паул АҚШ президенті Дональд Трамптың хатын Ресей президенті Владимир Путин әкімшілігіне ұсынды.

1029061
АҚШ президенті Дональд Трамп орыс басшыға хат жолдады

Ресейге сапарлай барған АҚШ-тық сенатор Ранд Паул АҚШ президенті Дональд Трамптың дипломатиялық хатын Ресей президенті Владимир Путин әкімшілігіне ұсынды.

Әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасаған Паул «президент Трамптың хатын президент Владимир Путин әкімшілігіне ұсындым. Хатта террормен күрес, парламент мүшелері арасындағы келіссөздерді арттыру және мәдени байланыстарды жалғастыруға қоса, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты жетілдірудің маңыздылығына назар аударылды» деді.

Кремль аталмыш хаттың өздеріне жеткізілгенін растады.

Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков хаттың орыс тарапына дипломатиялық каналдардан жеткізілгенін және қысқа уақытта Путиннің хатты оқитынын атап көрсетті.

АҚШ сенаторы Ранд Паул байланыстары аясында Сан-Петербург қаласына өтіп, қала әкімшілігі өкілдеріне қоса бір қатар лауазымдымен бас қосады.

Ресеймен жақындасуды жақтайтын және Трамптың 16 шілде күні Хельсинкиде Путинмен жүзеге асқан саммитке қатысқан Паул осы елге сапарлай келу мақсатының Вашингтон мен Мәскеу арасында келіссөздерді ынталандыру екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар