Бразилия Венесуэлаға шекарасын жапты

Оңтүстік Америка мемлекеті Бразилия солтүстіктегі көршісі Венесуэладан келуші мигранттарға шекарасын жапты.

1027475
Бразилия Венесуэлаға шекарасын жапты

BBC арнасының хабарына қарағанда Федералдық сот төрешісі Хелдер Баррето елдегі экономикалық және саяси тұрақсыздықтан қашып, Бразилияны паналаған Венесуэла азаматы босқындардың құрлық жолымен елге кірісіне уақытша тоқтатуға шешім қабылдады.

Құрлықтан босқын ағысын қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылданғанша шекара қызметін тоқтатқанын атап көрсетті.

Тыйымның әуе және теңіз жолымен келетін босқындарды қамтымайтыны білдірілді.

Бразилия құрлық шекарасынан күніне шамамен 800 босқынның елге кіргені атап көрсетілуде.

Венесуэлада 3 жылдан бері жалғасқан экономикалық дағдарыс және саяси қақтығыстар себепті мыңдаған адам көрші елдер Колумбия мен Бразилияны паналауда.



Ұқсас жаңалықтар