АҚШ-тан PKK/PYD-YPG террор ұйымына жаңа қару жәрдемі

АҚШ тарапынан Манбиджтен шығатыны Түркияға уәде етілген бөлшектеуші террор ұйымы қару саудасы арқылы ұйымды қаржыландыруда.

1020125
АҚШ-тан PKK/PYD-YPG террор ұйымына жаңа қару жәрдемі

АҚШ пен жасалған келісім бағытында 2018 жылдың соңына дейін Сирияның Манбидж ауданы мен Евфрат өзенінің батысынан шегінуге тиісті террор ұйымы PKK/PYD-YPG қолындағы қаруларды сатып ұйымға қаржылай табыс түсіруде.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-нің Манбиджтен бастап, Сирияда басып алған аймақтардан шығатыны жөнінде уәде берген АҚШ керісінше террористтерге жаңа қарулар жіберуде.

АҚШ-тың сауытты көліктер, ауыр қарулар және оқ-дәрі жүктелген 200 жүк көлігінен тұратын керуені Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілінің бақылауындағы Семелька шекара қақпасы арқылы Сирияға өтті.

Сирияның солтүстігінде болса бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG АҚШ-тан сатып алған қару мен оқ-дәрілерді сатып пайда түсіруде.

Түркия мен АҚШ арасында қамтамасыз етілген келісімге қарағанда YPG күштерінің 2018 жылы соңына дейін Манбидж және Евфрат өзенінің батысынан шығып қаруларын АҚШ-қа қайтаруы керек.

АҚШ-тан сатып алған қаруларды кері қайтармаған террор ұйымы қоныстарын алмастыру арқылы осыларды Түркияға қарсы болуы ықтимал бір операция кезінде қолдануды мақсат етеді.



Ұқсас жаңалықтар