Сайлау учаскесіне жанкешті шабуылда 25 адам қаза тапты

Пәкістанның батысындағы Кветта қаласында дауыс беру үшін күткен сайлаушылар нысанаға алынды.

1018817
Сайлау учаскесіне жанкешті шабуылда 25 адам қаза тапты

Пәкістанда 105 миллионнан асқан сайлаушы елде 5 жыл бойы заң шығару міндетін атқаратын Ұлттық Мәжіліс пен уәлаят мәжілістері депутаттық сайлауы үшін дауыс беру мерзімі басталды.

Ел көлемінде дауыс беретін азаматтар жергілікті уақытпен сағат 08:00-ден бастап, сандықтарға баруда.

Азаматтар шектеулі (тар) аймақ жүйесі қолданылған елде өз аймақтарында атсалысқан үміткерлер арасынан депутаттарын сайлайды.

85 мыңнан астам сандықта дауыс беретін сайлаушылар елде 5 жыл бойы міндет атқаратын «NA» және уәлаят Мәжілісі мүшелерін сайламақ.

Үкіметті құратын премьер-министр болса NA мүшелері арасынан сайланады. Уәлаят Мәжілістерінде 577 және NA-да 272 жалпы 849 орын үшін барлығы 12 мыңнан астам үміткер жарысуда.

Дауыс беру жұмыстары жергілікті уақытпен кешкі сағат 18:00-де аяқталады.

Сауалнамаларға қарағанда сайлау түрмеде отырған бұрынғы премьер-министр Наваз Шарифтың партиясы Пәкістан Мұсылмандары лигасы – Наваз (PML-N) мен Имран Ханның партиясы Пәкістан Тахрик-и Инсафы (Пәкістан Әділет партиясы - PTI) арасында өтуде.

Ұлттық Мұсылман лигасы (MML) депутат үміткері Файсал Недим сайлау кеңсесіне жасалған гранаталы шабуылда жарақат алды.

Полиция лауазымдысы Адил Чандио кім екені белгісіз күдіктілердің Пәкістанның оңтүстігіндегі Латифабадта дауыс беруге бірнеше қалған кезде MML депутаты Недимнің кеңсесіне граната тастағанын жариялады.

Недим мен көлік жүргізушісі кеңсеге кірген кезде жасалған шабуылда жарақат алды. Екі жаралының ауруханаға жеткізілгені білдірілді.

Пәкістанның батысындағы Кветтада дауыс беру үшін сандық алдында күткен сайлаушыларды нысанаға алған жанкешті шабуылда да 25 адам қаза тапты.

Дауыс беру үшін сандық алдында күткен қалың жұрттың арасына кіріп кеткен бір жанкешті үстіндегі бомбаны жарды. Бомбалы шабуылда 40 адамның жарақат алғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар