Швецияда мұсылмандар жаңбыр тілеу дұғасы үшін жиналды

Төрт айдан бері жауын түспеген Швеция қуаңшылықпен күресуде.

1016920
Швецияда мұсылмандар жаңбыр тілеу дұғасы үшін жиналды

Елдің көптеген жерінде жалғасқан орман өрттері жауынға деген қажеттілікті арттырды.

Мұсылмандар қуаңшылықпен ауыр күндер бастан кешкен Швеция үшін жаңбыр дұғасына шықты.

Мұсылмандар бас қала Стокгольмде Тенста аумағында жиналды.

Қуаңшылықтан құтылу және 40 бөлек жерде жалғасқан орман өрттерінің алдын алу үшін жаңбыр дұғасы жасалды. Жаңбыр дұғасына түрік азаматтары да қатысты.

Швецияда қуаңшылық себепті диқандар үлкен шығынға ұшырады. Көптеген аймақта шыққан орман өрттерінің жалғасқаны білдірілді.

Лауазымдылар 4 күн бұрын 83 жерде басталған орман өртінің қазір 40 жерде жалғасқанын білдірді.

Мамандар жауын түспей орман өрттерімен күрестің өте қиын болатынын алға тартады.



Ұқсас жаңалықтар