Су және электр экспортын тоқтатты

Иранда су және энергия проблемасы асқынып барады.

1011912
Су және электр экспортын тоқтатты

Иранның Энергетика министрі Рыза Ердеканиан электр және су экспортын толығымен тоқтатқандарын айтты.

Иран ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Ердеканиан елдегі электр және су проблемасына байланысты хабарлама жасады.

Министр Ирандағы энергия проблемасына байланысты Пәкістан, Ауғанстан және Ирак секілді көрші елдерге жнергия экспортын тоқтатқандарын білдірді.

«Қазір су және электр экспортымызды тоқтаттық» деді ол.

Елдегі су проблемасының күрделі мәселеге айналғанын білдірген министр проблема мен олқылықтардың түзетілуі үшін баршаның жұмыстануы керектігін айтты.

Ол кейбір топтардың осы мәселелерді халықты арандату үшін қолданғысы келетінін айтып, халықты сабырлы болуға шақырды.

Министр проблеманың шешілуі үшін климат және ауа шарттарына ыңғайлы жоспар жасалуы керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар