Македония президенті ТИКА-ға алғыс айтты

Иванов «ТИКА-ның Македонияға қосқан үлестеріне қатты ризамыз» деді.

1009280
Македония президенті ТИКА-ға алғыс айтты

Македония президенті Георге Иванов Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ның елінде жүргізген жұмыстарына байланысты «Өзім, жұбайым, кабинетім болып, ТИКА-ның Македонияға қосқан үлестеріне қатты ризамыз» деді.

Президент Иванов Президент Режеп Тайып Ердоғанның ант ішу рәсіміне қатысу үшін Түркияға келгеніне бақытты сезінгенін, сойдай-ақ Ердоғанды сайлаудағы табыстары және жаңа міндетімен құттықтағанын айтты.

ТИКА-ның Македониядағы жұмыстарына тоқталған Иванов «Өзім, жұбайым, кабинетім болып, ТИКА-ның Македонияға қосқан үлестеріне қатты ризамыз. Әсіресе медицина, ауылшаруашылық, тарихи және мәдени мұраларымызға қосқан үлесі үшін ТИКА-ға алғыс айтамын» деген сөздер қолданды.         

 


Этикеттер: #Македония , #ТИКА

Ұқсас жаңалықтар