Түрік текті белсенділер тұтқындалды

Иранда түрік текті 14 белсенді тұтқындалды.

1005334
Түрік текті белсенділер тұтқындалды

Иранда түрік текті 14 белсенді тұтқындалды.

Келибер қаласы маңындағы Бабек қамалы деген жерде жиналуды жоспарлаған түрік текті белсенділердің он төрті тұтқындалды.

Тұтқынға алынғандар арасында өңірдің алдынғы қатарлы белсенділерінің бірі Аббас Лисани де бар.

Белсенділердің тұтқындалу себебі әлі белгісіз.

Ирандағы түріктер көптеген жылдардан бері Бабек қамалы деп аталатын, түріктіктің символы ретінде қабылданған өңірде жыл сайын шілде айында жиналып,  этникалық құқықтарына байланысты талаптарын тілге тиек етуші еді.

Соңғы жылдары болса Иран қауіпсіздік күштерінің қысымы салдарынан осы жиын өткізілмей келеді. Тұтқынға алынған белсенділер биыл қайта жиналу үшін шақыру тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар