Киркукте сайлау сандықтары сақталған қоймаға шабуыл жасалды

Ирактың Киркук қаласында сайлау сандықтары сақталған қоймаға жасалған бомбалы шабуылда 21 адам жарақат алды.

1003380
Киркукте сайлау сандықтары сақталған қоймаға шабуыл жасалды

Киркук полиция дирекциясы баспасөз жауаптысы Афрасияп Камиль қаланың Бағдат жолы ауданында 12 мамыр күнгі жалпыхалықтық сайлауда қолданған дауыстар сақталған сандықтар орын алған қоймаға бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын атап көрсетті.

Шабуылды бір жанкештінің жасағанын тілге тиек еткен Камиль бомба тиелген көліктің қойманың есігінде жарылуы салдарынан 6 жазықсыз, 15 қауіпсіздік қызметкері барлығы  21 адамның жарақат алғанын білдірді.

Аялдап тұрған 10 көліктің де өртенгенін атап көрсеткен Камиль «Шабуылдың нысанасы қоймадағы сайлау сандықтары болатын, дегенмен сандықтарға кезкелген зиян келген жоқ» деді.

Камиль Киркуктің әртүрлі аймақтарында кеше екі бөлек бомбалы шабуыл жасалғанын, шабуылдарда адам шығыны болмағанын білдірді.

Иракта 12 мамыр күнгі жалпыхалықтық сайлауда әсіресе Киркук пен басқа солтүстік аймақтарда дауыстар ұрланған болатын.

Ирак Мәжілісі күдікті оқиғаның артынан дауыстарды қайтадан қолма қол санаққа алуға шешім қабылдаған еді.



Ұқсас жаңалықтар