Қару тастауға шақырды

"Қарулы топтың көрші Түркияға шабуылдауына рұқсат бермейміз"

1000463
Қару тастауға шақырды

Ирак премьер-министрі Хайдар әл Абади террорлық ұйым PKK-ны да қосқанда барлық қарулы топтарды қаруларын тастауға шақырды.

Абади Бағдатта министрлер кабинеті жиналысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 12 мамырда ел көлемінде жүзеге асырылған сайлауды «табыссыз» қылу үшін кейбір орталардың жұмыстанғанын білдірді.  

«Сайлауды табыссыз қылу үшін кейбіреулер жұмыстанды.  Бұл сайлау жәшіктерінің өртелуімен басталды» деді ол.

Иракта ұйымдасқан барлық қарулы топтардың қаруларын тастауы үшін шақыру жасаған премьер-министр былай деді: «Ирак, Түркия және Сирия шекарасындағы қауіпсіздіктің қамдалуы тақырыбында қолға алдық.  Әсіресе Кандил аймағында шоғырландық.  Ол жер – Ирак, Түркия және Иран арасында. Аймақта тіршілік қалмаған. Жергілікті немесе шетелдік ешбір қарулы топтың Ирак жерін қолданып, көрші Түркияға шабуылдауына рұқсат бермейміз. Заңсыз топтардың қаруларын тастауын сұрай отырып,  шетелдік қарулы бір ұйымның (PKK) көрші елге шабуылдауына қалай рұқсат береміз?»



Ұқсас жаңалықтар