Пентагон Манбиджтегі түрік әскері жайлы мәлімдеме жасады

Пентагон мәлімдемешісі Эрик Пахон Түрік және Американ әскерлерінің Сирияның Мандбидж ауданында тәуелсіз түрде бақылау жұмыстарын бастағанын жариялады.

994807
Пентагон Манбиджтегі түрік әскері жайлы мәлімдеме жасады

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігі (Пентагон) мәлімдемешісі Эрик Пахон Түрік және Американ әскерлерінің Сирияның Мандбидж ауданында «Үйлестірулі бірақ тәуелсіз түрде» бақылау жұмыстарын бастағанын жариялады.

Пахон мәлімдемесінде «Түрік және АҚШ жасақтары 18 маусым күні Манбидж жол картасы мен Мандбидж қауіпсіздік ережелері бойынша, үйлестірулі бірақ тәуелсіз түрде бақылау жұмыстарын бастады. Екі ел алаңдағы жағдайға қарай ынтымақтастықты арттыру мақсатымен ортақ бақылау жұмыстары үшін міндетін жалғастыруда» делінді.

Мандбиджтің тұрақтылығын Сирияның шығысында ДАИШ террор ұйымына қарсы жүргізілген операциялар тұрғысынан маңызды екеніне назар аударған Пахон «Ортақ бақылау жұмыстары Манбиджтің ұзақ мерзімді тұрақтылығы, қауіпсіздігімен АҚШ-тың НАТО одақтасы Түркияға болған бағыныштылығының бір дәлелі» деді.

Түрік қарулы күштері кешегі мәлімдемесінде аймақта Түрік қарулы күштері және АҚШ қарулы күштері тарапынан тәуелсіз бақылау жұмыстарының басталғанын білдірген болатын.

Манбиджтің 90 пайызын арабтар құрайды.



Ұқсас жаңалықтар