Йеменде 9 адам мерт болды

Йеменнің оңтүстігіндегі Эд-Дали қаласында хоуситтердің оқ атуы кесірінен 9 адам мерт болды.

994092
Йеменде 9 адам мерт болды

Йеменнің оңтүстігіндегі Эд-Дали қаласында хоуситтердің оқ атуы кесірінен 9 адам мерт болды.

Куәгерлерден алынған мағлұматтарға қарағанда хоуситтер Мурейс аймағына қарасты Хижлан ауылына оқ жаудырды.

Шабуылда бір отбасынан 9 адам  қаза тапты, кейбір адамдар да жарақат алды.

Мемлекетте 2014 жылынан осы таңға дейін билік басындағы хоуситтерден ешқандай мәлімдеме жасалмады.


Этикеттер: #Йемен , #шабуыл

Ұқсас жаңалықтар