Ауғанстан үкіметі Талибанмен бітімінің мерзімін созды

Талибан мен қауіпсіздік күштерінің айт рәсімінде жасалған жанкешті шабуылда 20 адам қаза тапты, 16 адам жарақат алды.

993603
Ауғанстан үкіметі Талибанмен бітімінің мерзімін созды

Ауғанстан Мемлекет басшысы Эшреф Гани Талибанмен жариялаған атысты тоқтату бітімі мерзімін бір жақты созғандарын жариялады.

Гани Ауғанстан Ұлттық телеарнасынан жасаған мәлімдемеде атысты тоқтатудың қашанға дейін созылғаны жайлы кезкелген бір мағлұмат бермеді. Гани Талибаннан болымды жауап күткендерін және мақсаттарының бейбітшілікті қамтамасыз ету екенін атап көрсетті.

Гани атысты тоқтату шешімін құрметтеу мақсатты қамаудағы 46 Талибан мүшесін еркін жібергендерін атап, атысты тоқтатумен байланысты Талибаннан болымды жауап қайтарылған жағдайда тұтқындалған Талибан мүшелерінің барлығын босататындарын білдірді.

Атысты тоқтату шешімінің екі тарап үшін де бейбітшілік үшін ортақ көзқарасы екенін тілге тиек еткен Гани Ауғанстан халқының енді бейбітшілікті қалағанына назар аударды.

Талибан болса Эшреф Ганидің мәлімдемесіне жауап қайтармады.

Ауғанстан мемлекет басшысы 20 маусым күніне дейін Талибанға қарсы уақытша атысты тоқтату бітімі жариялаған болатын.

Талибан болса 2001 жылындағы АҚШ басшқыншылығының артынан алғаш рет атысты тоқтату жариялады.



Ұқсас жаңалықтар