Черногорияның әуе кеңістігін енді НАТО қорғайды

НАТО Бас штабы 2017 жылы одаққа мүшелікке қабылданған Черногорияның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қорғайтынын жариялады.

982434
Черногорияның әуе кеңістігін енді НАТО қорғайды

Бельгияның бас қаласы Брюссельдегі НАТО бас штабынан жасалған мәлімдемеге қарағанда екі НАТО одақтасы ретінде Италия мен Грекия әуе күштері 5 маусым күнінен бастап Черногорияның әуе кеңістігінде күзету қызметін бастайды.

Шешімнің Черногорияның сұранысымен қабылданғаны атап көрсетілген мәлімдемеде елдің өз соғыс ұшақтары болмағаны үшін әуе кеңістігінің қауіпсіздігін НАТО мүшелері тарапынан қамтамасыз етілетіні атап көрсетілді.

НАТО қазіргі таңда Испания, Португалия және Франция, Балтық елдері Латвия, Литва және Эстонияның әуе кеңістігін қорғауда.



Ұқсас жаңалықтар