Ауғанстанда полиция орталығына бомбалы шабуыл

Логар уәлаятында полиция орталығына жасалған шабуылда 6 полиция барлығы 9 адам қаза тапты.

981905
Ауғанстанда полиция орталығына бомбалы шабуыл

Ауғанстанның Логар уәлаятында полиция орталығына шабуыл жасалды.

Шабуылда 6 полиция барлығы 9 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды.

Логар полиция дирекциясының мәлімдемешісі Шахпур Ахмадзей бомба тиелген көліктің Пул Алем қаласының полиция орталығы алдында жарылғанын, 3 шабуылдаушының болса орталыққа басып кіріп полициялармен қақтығысқанын атап көрсетілді.

Ахмадзей қақтығыста 3 шабуылдаушының залалсыздандырылғанын, 6 полицияның қаза тауып, араларында жазықсыз адамдар да бар 8 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Шабуылды террор ұйымы Талибан мойындады.



Ұқсас жаңалықтар