Ресейдің қару экспорты артуда

Ресейдің қару экспорты 2017  жылы 2,3 пайыз артып, 13,4 миллиард долларға ұласқанын айтты.

974137
Ресейдің қару экспорты артуда

Ресей мемлекеттік қорғаныс өнеркәсіп фирмасы Ростех-тің басқару алқасы төрағасы Сергей Чемезов Ресейдің қару экспортының эмбарголарға қарамастан 2016 жылымен салыстырғанда  2017  жылы 2,3 пайыз артып, 13,4 миллиард долларға ұласқанын айтты.

Чемезов Ресей президенті Владимир Путинмен Сочиде өткізген кездесуінде Ростехтің таза кірісінің 2016 жылымен салыстырғанда  2017  жылы 38 пайыз артып, мөлшермен 2 миллиард долларға шыққанын білдірді.

Стокгольм Халықаралық бейбіт зерттеу институтының жариялаған рапортына қарағанда әлем қару экспортының 20 пайызын жүзеген асырған Ресей 2017 жылы Америка Құрама Штаттарынан кейін екінші ең үлкен қару экспортшысы болды.


Этикеттер: #Ресей , #экспорт

Ұқсас жаңалықтар