Франция президенті Израиль армиясын айыптады

Франция президенті Эммануэль Макрон Израиль армиясының Газа секторындағы шексіз күш қолданысын айыптады.

Франция президенті Израиль армиясын айыптады

Франция президенттік Элизе сарайынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Макронның Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас және Иордания королі Абдуллах ІІ-мен телефон арқылы бөлек әңгімелескені білдірілді.

Мәлімдемеде Макронның Газа секторында Иерусалимде және Палестина қалаларындағы жағдай себепті Францияның терең қайғысын жеткізгені аталып, «(Президент Макрон) Бүгін (14.05.2018) және соңғы апталарда Газа секторында көптеген палестиналық жазықсыз адамның қаза табуына қайғыруда. Израиль армиясының шерушілерге қарсы қолданған шексіз күшті айыптайды. Барлық жауапкерлердің тыныштық сақтап, қызуды түсіру үшін талпынуға және алдағы уақытта ұйымдастырылатын шерулердің қақтығыстардан аулақ өткізілуі үшін қажетті шараны қабылдауға шақырды» делінді.

Мәлімдемеде Францияның Израильдің құрылуының 70 жылдығы мен палестиналықтардың күштеп қоныс аударылуының (Некбе) жылдығына дөп келтірілген АҚШ әкімшілігінің Иерусалимге көшірілу шешімін қолдамағанын білдірген Макрон «Иерусалимнің жағдайына халықаралық қоғамның бақылауында келіссөз жүргізілген бір аяда және тек қана тараптар арасында шешім қабылдана алады» деді.



Ұқсас жаңалықтар