Калын президенті Ердоғанның сапарын түсіндірді

Калын мақаласында президент Ердоғанның Өзбекстан мен Оңтүстік Корея сапарларын түсіндірді.

964512
Калын президенті Ердоғанның сапарын түсіндірді

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын Түркияның НАТО мүшесі болуы әлемнің стратегиялық аймақтарына ашылуына кедергі жасамайтынын білдірді.

Калын Daily Сабах газетіне жазған мақаласында президент Ердоғанның Өзбекстан мен Оңтүстік Корея сапарларын түсіндірді.

Мақаласында Ердоғанның Орталық Азия және Түркі Әлемінің ең маңызды елінің бірі болған Өзбекстан мен Оңтүстік Кореяға сапарлай барғанын еске салған Калын «Бұл сапарлар екі жақты қарым-қатынастармен қатар Түркияның керемет сыртқы саясат перспективасын ортаға қойды» деген сөздер қолданды.

Калын Ердоғанның сапар аясында экономика, сауда, энергия, білім беру, инфақұрылым және басқа салаларда жиыны 25 келісімге қол қойғанын білдірді.

Калын Ердоғанның тарихи бір кезеңде Оңтүстік Кореяға барғанына тоқталып, мақаласында былай деді: «Барша әлем Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында болған жақындасуды және түбектің атомдық қарусыздану тақырыбында басылатын қадамдарды қадағалауда. Президент Ердоғанның ресми сапары екі Кореялық лидердің талай жылдан бері жалғасқан қақтығыстарды доғару үшін келіскеннен кейін жүзеге асты» деді.

Калын Түркия мен Оңтүстік Корея арасында күдіксіз түрде саяси және экономикалық қарым-қатынастардың болғанын білдіріп, Корея фирмаларының коммуникация, білім технологиялары, электр жабдықтар және үлкен инфақұрылым жобалары сынды көптеген салада Түркияда инвестиция салғанын түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар